Оған дін мамандары, саясат өкілдері, баспа қызметкерлері және т.б. өздеріне қажет мәселе жөнінде көптеген ғалымдар тарапынан сүрақ-тар қойылып, көпшілік келе бас-тады. Барлық сұрақтары мен мәселелеріне қанағаттанарлық жауап алған ғұлама-лар оған: «таңданарлық, заманымыз-дың ғажайып адамы - дегенді білдіре-тін «Бәдиүззаман» - деген есім берді.
1919-жылы Ыстамбұл қаласын ағыл-шындар басып алғаннан кейін Бәдиүз-заман Саид Нүрси ағылшындардың сая-сатын, үгіт-насихатын әшкерелейтін шағын кітапша жазып шығарды.
Бүл батылдыққа жауап ретінде жаңа үкімет Бәдиүззаман Саид Нүрсиды жаңа астана - Анкараға шақырды. Пар-ламент мәжілісінде сөз сөйлеген ол, сол жерде ғибадат және бес уақыт намаз жайында үгіт қағаздарын тарат-ты. Үкімет басшысы Мүстафа Кемалға бүл іс үнамай, қатты реніш білдіре: «сені бүл жерге шақырдық - жоғарғы ой-пікірлеріңді баянда деп. Сен келдің, Намаз туралы айтып, арамызды ажыраттың» - дейді. Оған Саид Нүрси былай деді: «паша, паша, бүкіл әлемдегі ең жоғарғы хақиқат - иман, иманнан кейін намаз...»