Сөйлеуші, текқана Ақиқат | Сөйлеуші, текқана Ақиқат | 2
(1-7)
Сөйлеуші, текқана Ақиқат.

Рисалә-и Нұрда дәлелденгендей: Кей кездерде зұлымдық ішінде әділет көрінеді. Яғни, адам бір себеппен бір әділетсіздікке, бір зұлымдыққа тап болады; Басына бір пәлекет келеді, түрмеге де душар болады, зынданға да түседі. Бұл себеп хақсыз болар; бұл үкім бір зұлым болар. Бірақ бұл оқиғалар әділдіктің көрінуіне бір себеп болады. Қадер-і Илахи, басқа себеп арқылы жазаға, түрмеге лайық болған біреуді, бүл жолы бір залымның қолымен жазаға ұшыратады, пәлекетке түсіреді. Бұл Илахи әділеттің бір көрінісі. Қазір ойлап отырсам: Жиырш сегіз жыл-обылыстан обылысқа, ауылдан ауылға айдалып, түрмеден түрмеге көшудемін. Бул зұлымдықты, қиыншылықты істеушілердің маған таққан айыптары не? Дінді саясатқа құрал қылу ма? Бірақ не үшін бұны жүзеге асыра алмайды? Өйткені шындықта бұндай бір нәрсе жоқ. Бір сот айлар, жылдар бойы кінә тауып, мені кінәлі қылуға әрекет етуде. Ол істі қойса, басқа бір сот бұрынғы істі қозғап мені қайтадан кінәләп жауап астына алуда. Бір уақыт ол айналысады, мені қинап, түрлі-түрлі азапқа душар қылады. Ол да нәтиже шығара алмай тастайды. Енді бірде үшіншісі жағама жабысады.

Дыбыс жоқ