Болмаса, ұйымдар мен комитеттерден шыққан қауіпті дінсіздік пікірлеріне қарсы шыққан бір адам, ең үлкен мағынауи бір мәртебеде болса да, бәрібір шүбәлерді түбімен құрта алмайды.
Өйткені: Иманға келгісі келген дінсіздің нәпсісі мен менмендігі: ╚Ол адам, даналығымен, керемет мақамымен бізді алдап түсірді╩,-деп ішінде шүбә қалады.
Аллаhқа мыңдаған шүкір етемін; жиырма сегіз жыл, дінді саясатқа құрал қылып қолдану қаупінен Қадер-і Илаhи, шамамның сыртында дінді ешқандай пайдаға қолданбау үшін адамдардың зұлым қолдарымен дәл-әділдігін көрсетіп мені таяқпен тоқтатуда. Байқа дейді, иман ақиқаттарын өз пайдаңа қолданба. Иманға мұқтаж болғандар білсін: Жалғыз ақиқат сөйлеуде екенін түсінсін. Нәпсінің үрейі, шайтанның әзәзілдігі қалмасын. Үні де шықпасын.