Міне, Нұр рисалелерінің үлкен теңіздердің алып толқындары сияқты көңілдерде пайда болған толқыныстың, жүректерге, рухтарға тигізген әсерінің сыры осы. Басқа ештеңеде емес. Рисалә-и Нұр ақиқаттарының үлгісін, мыңдаған ғалымдар, жүз мыңдаған кітаптар өте көркем жазғандарымен дінсіздік, күпірлік пікірлерді тоқтата алмауда. Күпір-і мутлаққа қарсы күресте, бұндай ауыр шарттар астында Рисалә-и Нұр бір дәреже қол жеткізсе, бұның сыры міне осы. Саид жоқ. Саидтің құдіреті де жоқ, білгірлігі де жоқ. Сөйлейтін, тек қана ақиқат. Иман ақиқаты.
Сондай-ақ ақиқат нұры, иманға мұқтаж көңілдер-ге әсерін тигізуде: Бір Саид емес, мың Саид құрбан болсын. Жиырма сегіз жыл тартқан азаптар, душар болған қиындықтар, көрген ауырлықтарымды кештім. Маған зұлым еткендерге, мені ауылдан ауылға айдағандарға, зорлық көрсеткендерге, түрлі-түрлі айыптармен айыптағысы келгендерге, зындандар-дан маған орын дайындағандарға ақымды адал қылдым.