Осылайша қиындықтан-қиындыққа, бәледен-бәлеге айдалып жүріп жатырмын. Жиырма сегіз жыл өмірім осылай өтті. Маған таққан кінәларының негізсіз екендігін соңында өздері де түсінді. Олар, бұл жазаларын әдейі берді ме, әлде босқа уайымға түсті ма? Я әдейі, я да бос уайым болсын, менің мұндай бір жазаға қатысым, әрі байланысым болмағанын жүз дәреже арыммен білемін... Дінді, саясатқа құрал қылатын бір адам болмағанымды барлық намыс иелері біледі.... Тіпті, мені бұл кінәмен жазаландырғандар да біледі... Онда неге маған бұл зұлымды істеуге тырысты? Неге мен кінәсыз және таза болғанымның өзінде ылғый да осындай бір зұлымға және өте қатты қиындыққа душар болдым. Бүл оқиғалар, Илаhи әділетке қайшы келмейді ме?
Ширек ғасыр бул сұрақтардың жауаптарын таба алмадым. Маған деген зұлыммен қастықтарының анық себебін, осы кезде түсіндім. Мен толғаныспен айтқым келеді: Менің кінәм, Қуранға қызметімді мадди және мағынауи өсуіме, кемалатқа жетуіме құрал қылуым екен.