Әділ тағдырға айтатыным. Мен сенің бул мейрімді жазаңа лайық едім. Болмаса, әркім сияқты ашық және зарарсыз болған бір жолды таңдап өзімді ойласам; Мадди, мағынауи мақамдарымды сарып етпегенімде: Иман қызметінде бұл үлкен мағынауи құдіретті жоғалтып алар едім. Мен мадди және мағынауи әр нәрсемді құрбан еттім, әртүрлі қиындыққа шыдадым, әрбір азапқа сабырлық көрсеттім. Бұл жағдайда, иман ақиқаты әр тарапқа жайылды. Бул жағдайда нұр мектебінің жүз мыңдаған, бәлки де миллиондаған шәкірттері өсті. Артық бұл жолда иман қызметін олар жалғастырады. Менің мадди және мағынауи әр нәрседен └ферағат■ дәстүрімнен айрылмайды. Тек қана, тек қана Аллаh рызасы үшін жұмыс істейді.
Бізге қиындық көрсеткендер, Қадер-і Илаhидің сырларына, терең әрекеттеріне ақылдары жетпей, біздің дауымызға, иман ақиқатының жайылуына қызмет етті. Біздің міндетіміз, олар үшін жалғыз hидает тілеуден тұрады. Мен өте қатты сырқатпын, жазуға да сөйлеуге де күшім қалмады. Мүмкін бұл сөздер менің соңғы сөздерім болар. Медресет-үз-Зеhраның Рисалә-и Нұр шәкірттері; бұл өсиетімді умытпасын.
САИД НҮРСИ.