Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 18
(1-72)
ЕКІНШІ БӨЛІМ

Бұл бөлімде адамды бақытқа немесе бақытсыздыққаұшырататын келелі себептердің бес түрі баяндалады.

Адам ахсен-і тақуим түрінде жаратылып, әрі өте бейімді болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысынан кемелденудің ең жоғарғы сатысына қарай, яғни жерден көкке, атом бөлшегінен күнге дейін созылып жатқан дәрежелерге, мақамдарға және мәртебелерге өрлей немесе құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеу мен төменге құлдырау сияқты екі жол жатыр. Міне ол, Құдайдың құдіретінің мүғжизесі, әрі жаратылыстың нәтижесі және шеберліктің таңғажайыбы болып мына дүниеге жолданған.

Адамның осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырын "Бес нүкте" арқылы баяндалық.

Бірінші нүкте:

Адам баласы бүкіл әлеммен өзара тығыз байланысты, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Мұқтаждықтары әлемді қаптап, талап-тілектері ұшан-теңіз. Жаны гүлді қалағаны сияқты, көктемнің келуін де қалайды. Бақшаны аңсағаны сияқты, мәңгілік жәннәтті де аңсайды. Досын көруге құштар болғаны сияқты Жәмил-і Зүлжәләлді де көруге құмар-ақ. Басқа жерде тұратын сүйіктісін сағынып, есігін қаққысы келетіні сияқты, қабір әлеміне аттанған жүзден тоқсан тоғыз туысқандарымен мәңгілікке қоштасқысы келмей, оларға кіріп шығу ниетімен қу дүниенің есігін жауып, баршаның оралатын жері болған ақиреттің есігін ашатын, дүниені бұзып, орнына ахиретті құратын Қадир-ы Мутлақтың алдына жалбарынуға тым мұқтаж-ақ.

Дыбыс жоқ