Бірінші жағыңа келсек: кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз; шыбыннан, өрмекшіден тым әлсізсің.
Екінші жағыңа келсек: көк пен жерден, таудан асып кетесің. Олардың әлсіздік көрсетіп, тайсалған жауапкершіліктерін мойныңа алып, олардікінен ауқымдырақ алаңға иелік етесің. Өйткені, сен игілік және бірдеме жасағаныңда, тек қолың жететін жерде шамаңа қарай жақсылық, бірдеме жасай аласың. Ал жамандық пен бұзықтық жасасаң ол кезде сенің жасаған жамандығың, әбестігің мен бұзықтығыңұлғайып, жайылып кетеді.
Мәселен: Күпірлік - өте жаман нәрсе. Ол бір бұзақылық, мойындамау. Сонымен қатар бүкіл әлемді қорлау, әрі Аллаhтың барлық есімдеріне кір келтіру және адамзаттың абыройын төгу болып табылады. Себебі, бізді қоршаған барлық нәрселердің жоғары мәртебелері, маңызды міндетгері бар. Қалай десеңіз, олар Раббани хаттар, әрі Субхани айналар сондай-ақ, Аллаhтың қызметшілері. Күпірлік болса, о баста оларды айналық етуден аластатып, міндетін және мағынасын жойып, әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады. Әлемдегі айна тәрізді жаратылыстың бетіндегі Аллаhтың есімдерінің нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады.