Ахсен-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, мәңгі жасайтын, жоғары мәртебеге ие болады.
Мінекей, әй, қапыда қалған адам! Жәнаб-ы Хақтың асқан мейірімділігіне қара! Бір жамандықты мың жазу, бір жақсылықты бір жазу немесе түк жазбау әділдік болса да, бір жамандықты бір жазып, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың жазады. Осыдан барып түсін, анау от шашқан жәhәннәмға түсу амалыңның табысы, әрі өте әділ іс. Ал, жәннәтқа тап болу Аллаhтың мейірімі түсіп жарылқауы.
Екінші нүкте:
Адамның екі жағы бар. Біріншісі: менмендік жағы, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі: құлдық жағы, онымен ахиреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан алып қарағанда, бейшара мақұлық. Оның бар таянғаны еркіндік атаулыдан тек тырнақтай ерік және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, көпке шыдамайтын болмыс. Хәлі осындай мүшкіл бола тұра әлемдегі барлық жаратылыспен салыстырғанда өте нәзік, әлсіз дара тұлға.
Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа қатысты әлсіздік пен пақырлық жағынан алып қарағанда, алаңы кеңіп зор маңызға ие болады. Өйткені Фатыр-ы Хаким, адамның рухани жаратылысына соңсыз әлсіздік пен шексіз пақырлық жерлестірген.