Міне осындай күйдегі адамның Ма’буды, әлбетте барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасыңсіа, барлығын көруші, барлықжерде болып, мёкенге тәуелсіз, құдіретті күш иесі, кемшілікс/із, нұқсансыз біреу ғана бола алады. Мұндай сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәләл, Рахим-ы Зүлжәмал, Хаким-ы Зүлкәмал ғана. Себебі адамзаттың шексіз қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын өтеу, тек қана шексіз құдірет пен мұхиттай білім иесіне тән. Олай болса, табыну мен жалбарыну тек соған арналуы тиіс.
Сонымен әй, адам! Егер тек оған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстың үстіндегі мәртебеге шығасың. Егер құлшылыққа қарсы шығып, одан бас тартсаң әлсіз мақұлықтарға қорланған құл боласың. Менменшілдігіңе, күш-қуатына сеніп, тәуекел мен дұғаны қойып, тәкәббарланып, дауласатын болсаң, онда игілік пен бірдеме жасауға келгенде кәдуілгі ара мен құмырсқадан да дәрменсіз, өрмекші мен шыбыннан да әлсіз боласың. Ал бәлі мен жамандық жасауға келгенде тау мен теңізге жеткізбей, бәрінен асып кетесің.
Әй, адам! Расында сенде екі жақ бар. Біріншісі: бірдеме жасау, болмыс (бар болу), жақсылық, жағымды және қимыл. Екіншісі: бұзу, жоқ болу, жамандық, жағымсыз және толқу яғни әсер алу.