Әй, адам! Ақиқат осы болса, көкіректік пен өзімшілдікті қой. Құдайдың алдында әлсіздігің мен бейшаралығыңды жалбарыну арқылы сондай-ақ, пақырлығың мен мұқтаждығыңды тілену арқылы, дұғаларың арқылы білдір. Өзіңнің құл екеніңді көрсет.Әрі дей отырып,өрле!
Бірақ: "Мен бір жүрген бейбақпын, кіммін сондай-ақ, терең де күллі шүкір ете алатын? Қандай қадірім бар соншалық, мына әлемді Хаким-ы Мутлақ маған ноқталап берсін", - деп айтпа.
Расында, непсің мен пішініңе қараса түкке тұрғысызсың. Алайда, міндетін мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толымына жаратылыстың ойшыл шешені, әрі мына "әлем" атты кітапты өрелі зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақылаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін атағың бар.
Демек, әй, адам! Сен өсімдік тектес болмысың және жануар тәрізді нәпсің жағынан: меңіреу бір бөлшек, жәй зат, пақыр мақұлық, әрі әлсіз жануар болып алай-түлей болған мына алып құбылыстардың үрейлі толқынында шайқалып кетіп бара жатырсың.