Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 40
(1-72)

Сосын, қоршаған ортадағы әсем әшекейлерді, күрделі шеберлікті қызыға тамашалап, мұны жасаған Фатыр-ы Зүлжәмалдың өнеріне сүйсіну әрі бұларды жасаған Сани-и Зүлкемалдың құзырына шығуға, әрі ілтипатына бөленуге асығу.

Екінші жағы: Құзыр мен үндеу мәртебесі. Бұл мәртебеде жаратылғаннан жаратушыға өтіп, Сани-ы Зүлжәләл өнерінің мүғжизелерімен өзін таныстырып, білдіргісі келетінін көреді. Ол да иман арқылы мағрифет арқылы жауап береді.

Содан, бір Рабб-ы Рахим асқан мейірімінен шыққан тәтті жемістерімен өзгелерді ынтықтырып, өзіне деген сүйіспеншілік талап ететінін көреді. Ол да жан-тәнімен жақсы көріп өзіне тән құлшылығымен жауап береді.

Содан ол, Мүн’им-і Кәрімнің материалдық әрі мағынауи нығметтердің балдай тәтті ләззәттарымен, өзін әлдилеп, жетілдіріп отырғанын аңғарады. Ол да жауап ретінде іс-әрекетімен, хал-жағдайымен, тілімен тіпті қолынан келсе барлық сезімдерімен, мүшелерімен шүкір етіп, оны мадақтап, өзінің алғысын білдіреді.

Дыбыс жоқ