Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 38
(1-72)

Алайда, Аллаhтың сүйіспеншілігінің сәулесінен тұратын иманның нұрымен нұрланған Ислам дінінің тәрбиесімен жетілген кезіңде, адамгершіліктұрғысынан, құлдығыңмен бірге сұлтансың және кішкене бола тұра үлкенсің, шағын болмысыңмен өзіңше бір әлемсің, елеусіз бола тұра мәртебең жоғарылап, қарамағы кең бақылаушы атанып: "Менің Рабб-ы Рахимым дүниені баспанам етіп, Ай мен Күнді оның шамшырағы етіп тағып қойды. Көктемді - гүл шоғы, жазды - ырысты жастарқан, жан-жануарды - қызметші жасап берді. Баспанамды өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!" - дей аласың.

Сонымен, егер де сен нәпсі мен шайтанды тыңдасаң әсфәл-і сафилинге құлдырап кетесің. Ал, егер Хақ пен Құран Кәрімді тыңдасаң, ала-и иллииіне өрлеп’, ғаламның ықшамдалған әсем өрнегі боласың.

Бесінші нүкте:

Адам мына дүниеге қызметші әрі қонақ ретінде жіберілген. Өзі тым күрделі бейімділіктерге ие. Берілген бейімділіктерге қарай маңызды міндеттер жүктелген. Адамды белгілі бір бағытқа бұрып, атқарылуы тиіс міндеттерді орындату үшін екіпінді құлшыныстар мен қатаң ескертулер жасалған.

Дыбыс жоқ