СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 44
(1-112)

Баяғы заманда екі бауыр үзақ бір саяхатқа бірге шығады. Жүре-жүре жолдары екіге айрылады. Ол екі жолдың басында шыншыл бір адамды көреді және одан: «қайсы жол жақсы?» - деп сұрайды. Ол да бұларға: «оң жақтағы жолда заң мен тәртіпке бойсұну мәжбүрлігі бар. Бірақ ол ауырлық ішінде бір қауіпсіздік пен бақыт бар. Сол жақта болса - еркіндік пен бостандық бар. Бірақ ол еркіндік ішінде бір қауіп-қатер мен азап-қорлық бар. Енді таңдау ықтияры сіздерде», - дейді.

Бұны тыңдаған соң, көркем мінезді бауыр

деп, оң жолға түсті, заң мен тәртіпке бағынудықабыл етті. Теріс мінезді және қаңғыбас болған екінші бауыр, тек қана еркіндік үшін сол жақтағы жолды таңдап алды. Сырттай жеңіл, бірақ рухани жағынан ауыр жағдайда кеткен бұл адамды қиялдаумен елестетіп, соңына түсеміз. Міне, бүл адам ой-қырдан асып, осы-лайша жүре-жүре мидай бір шөлге кірді. Бірден үрейлі бір дауыс естіді. Қараса қорқынышты бір арыстан емен ағаштарының арасынан шығып, оған қарсы шауып келе жатыр.

Дыбыс жоқ