СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 47
(1-112)

Бірақ лас нәрселерге көңіл бөлген, айналысқан, көңілін айнытқан, еш рахат көрместен шығып кеткен еді. Бүл адам болса, «әр нәрсенің жақсысына қара» қағидасымен амал қылып, лас нәрселерге еш қарамады. Жақсы нәрселерді жақсы пайдаланды. Тамаша дем алып,шығып кетті.

Содан соң жүре-жүре, бүл да әуелгі бауыры сияқты бір үлкен шөлге кірді. Бірден шабуылға шыққан бір арыстан-ның дауысын естіді және қорықты. Бірақ туысқаны сияқты қорықпады. Өйткені тамаша ойы және тамаша пікірімен.«бүл шөлдің бір Әкімі бар. Және бүл арыстан - ол Әкімнің әмірін орындаушы бір қызметкері болуының ықтималы бар» - деп ойлап, жүбаныш тапты. Бірақ бүл да қашты, келе-келе алпыс аршын тереңдігіндегі бір сусыз қүдыққа кездесті, өзін ішіне тастады. Бауыры сияқты ортасында бір ағашқа жармасты және екі аяғы салбырап қалды. Қараса екі хайуан ағаштың екі тамырын кеміруде. Жоғарыға қараса арыстан; төменге қараса бір айдаһарға көзі түсті. Қүдды туысқаны сияқты бір ғажайып жағдайды көрді. Бүл да қорықты. Бірақ туысқанының қорқыны-шынан мың есе жеңіл... Өйткені тамаша мінезі оған тамаша пікір берген.

Дыбыс жоқ