СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 48
(1-112)

Тамаша пікір болса, оған барлық нәрсенің жақсы жағын көрсетуде. Міне, осы себептен былайша ойладьі:«бұл ғажайып істер бір-бірімен байланысты, әрі бір әмірмен әрекет етіп жатқан сияқты көрінеді. Олай болса, бүл істерде бір тылсым бар. Ия, бұлар бір жасырын Әкімнің әмірімен әрекет етеді. Демек, мен жалғыз емеспін, ол жасырын Әкім маған қарауда, мені сынауда, бір мақсат үшін мені бүл жерге келтіріп, шақырып жатыр.» Осы тәтті қорқыныш пен тамаша пікірден бір қызығушылық пайда болдьі:«ғажабы, мені сынап, өзін маған таныттыруды қалаған және бұл ғажайып жолмен бір мақсат үшін келтірген кім?»

Содан кейін тану қызығушылығынан ол адамда тылсым иесіне деген махаб-бат пайда болды. Және бұл махаббат-тан тылсымды ашу тілегі пайда болды. Ол тілектен тылсым иесін разы қылатын, оған ұнайтын бір жақсы халге келу пікірі туды.

Содаң соң ағаштың басына қарап еді, оның інжір ағашы екенін көрді. Бірақ басында мыңдаған ағаштардың жемістері бар. Осы сәтте бүкіл қорқынышы кетті. Өйткені шүбәсіз, анық түсінді: бүл інжір ағашы - бір тізім, бір қорытынды жиынтық, бір көрме! Ол жасырын Әкім бау мен бақшасындағы жемістердің үлгілерін бір тылсым және бір мүғжиза арқылы ол ағашқа тағып қойған, әрі өз қонақтарына әзірлеп қойған тағамдарға бір-бірден белгі суретінде ол ағашты безендірген болса керек.

Дыбыс жоқ