Мәселен: бір адам әдемі бір бақшада, достарының ортасында, жаз маусымын-да, хош бір той-думандағы ләззатқа қанағат етпей өзін харам ішімдіктермен мас қылып, қыстың ортасында, жыртқыш хайуандардың ішінде өзін аш, жалаңаш деп қиялдап, айқайлай және жылай бастаса - қалай ғана жанашыр-лыққа, мейірімділікке лайық болады?! Өзіне-өзі зүлымдық қылуда, достарын жыртқыш хайуан көріп, мүқатуда. Міне, бүл бақытсыз бауыр да - осындай жағ-дайда. Және бүл бақытты болса - хақиқатты көреді. Хақиқат болса тамаша. Хақиқаттың тамаша екенін жақсы ұғу арқылы хақиқат иесінің кәмілдігіне құрмет көрсетеді және рахметіне лайық болады. Міне - «жамандықты өзіңнен, жақсылықты Ал-ладан біл» - деген Құран бүйрығының сыры көрініп отыр. Тағы да осылар секілді басқа айырмашылықтарды салы-стырып көрсең, түсінесің: әуелгісінің ұрындырғыш жаман нәпсісі - оған бір Жаһаннам дайындаған. Ал екіншісінің жақсы ниеті мен жақсы ойы, жақсы мінезі және жақсы пікірі болса - оны үлкен бір сыйлық пен бақытқа және жарқын бір ізгі қасиетке, молшылыққа лайық қылған.
Әй, нәпсім! Және әй, нәпсіммен бірге бұл хикаяны тыңдаған адам!