Ол шөл болса - бүл жер мен дүние. Және арыстан болса - өлім мен ажал. Ал қүдық болса - адамның денесі және тіршілік заманы. Алпыс аршын тереңдік болса - орташа және ғалиби өмір деп саналған алпыс жылға ишарат. Ағаш болса - өмірдің уақыты және тіршіліктің өзі. Қара мен ақ, екі хайуан болса - түн мен күндіз. Айдаһар болса - аузы қабір болған Барзах жолы және Ақыретке ашылған жер - мазар. Бірақ ол ауыз - мүмін үшін зынданнан бір бақшаға ашылған есік. Ал шағатын, зиянкес хайуандар болса - дүниедегі қайғы-қасіреттер. Бірақ мүмінге - ғафлет ұйқысына батып кетпеу үшін Алланың тәтті ескертпелері және Рахманның ілтипаттары үкімінде. Және ол ағашта-ғы жемістер болса - дүниедегі нығ-меттер: оларды Жанабы Кәрім Мүтлақ- ақырет нығметтерінің бір тізімі, әрі еске салушысы, әрі үқсастары, әрі Жаннат жемістерін сатып алушыларды шақырушы мысалдар бейнесінде жаратқан. Ол ағаштың біреу болуымен қатар, түрлі-түрлі жемістер беруі болса - Қүдіреті Самаданиениң таңбасына және Рубубиеті Илаһиенің мөріне және Салтанаты Улуһиетінің қолтаңбасына ишарат.