Әрі ол бақытсыз болса, аянышты бір қорқыныш пен үлкен бір үрейдің ішінде жан-жүрегі қатты азап шегуде. Және бүл бақытты болса, ләззатты бір ғибрат, тәтті бір қорқыныш, сүйікті бір танысу, білу ішінде таңғажайып нәрселерді тамаша-лауда. Әрі ол бақытсыз - үрей, үмітсіздік және жалғыздық ішінде азап көруде. Және бүл бақытты болса - өзін-өзі жүбату, үміт және қызығу ішінде ләззат алуда. Әрі ол бақытсыз - өзін жыртқыш хайуандардың шабуылы-на душар болған бір түтқын үкімінде көруде. Және бүл бақытты болса - бір қадірлі қонақ: қонағы болған Миһман-дары Кәрімнің ғажайып қызметкер-лерімен достасып, көңіл көтеруде. Әрі ол бақытсыз болса - көрінісінде ләззатты, бірақ рухани жағынан улы жемістерді жеп, азабын асықтыруда.Өйткені олар мысал суретіндегі жемістер. Дәмін татуға рүқсат бар, осылайша негізгілерді талап етіп, сатып алушы болсын. Болмаса, хайуан сияқты жүтуға рүқсат жоқ. Және бүл бақытты болса - татып көреді, көрсету үшін тағылғанын түсінеді, жеуін кейінге қалдырады және күту арқылы ләззат алады. Әрі ол бақытсыз - өзіне-өзі зүлымдық жасаған, күн сияқты жарқыраған бір тамаша хақиқатты және жарқын бір жағдайды көре алмағанды-ғынан өзіне қараңғы бір күмән, бір Жаһаннам бейнесіне келтірген. Қалайша жанашырлыққа лайық болады? Және кімге ренжуге ақысы бар?