СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 49
(1-112)

Болмаса, бір ғана ағаш, мыңдаған ағаштардың жемістерін бере алмас».

Содан кейін жалбарына бастады және тылсымның кілті оның қалбына аян болды. Айқайлады:

«Уа, бүл жерлердің Әкімі! Сенің жазмышыңа түстім. Саған сиынамын, сенің қызметкеріңмін, сенің разы болуыңды қалаймын және сені іздеудемін».

Және бүл нияздан соң бірден қүдықтың қабырғасы жарылып, тамаша, пәк және әдемі бір бақшаға есік ашылды. Бәлкім айдаһардың аузы ол есікке айналды. Арыстан мен айдаһар, екі қызметкер кейпіне келді және оны ішке шақырып жатыр. Тіпті ол арыстан, өзіне бойсүнушы бір ат бейнесіне кірді. Міне, әй, жалқау нәпсім! Және әй, қиялшыл достым!

Келіңіз, бұл екі туысқанның жағдай-ларын салыстырып көрейік. Жақсылық қалайша жақсылық әкеледі, сондай-ақ жамандық қалайша жамандық алып келеді - көрейік, білейік.

Қараңыз: сол жолдың бақытсыз жолаушысы кез-келген уақытта айдаһардың аузына кіру үшін күтіп тұр, дірілдеуде. Және бүл бақытты болса - жемісті, тамаша бір бақшаға шақырылады.

Дыбыс жоқ