Ол да қашты, келе-келе алпыс аршын тереңдіктегі сусыз бір қүдыққа кездесті. Қорыққа-нынан өзін ішіне тастады. Жартысына дейін түсіп, қолдары бір ағаш бүтағына ілікті және жармасып алды. Құдықтың қабырғасында көгеріп өскен ол ағаштың екі тамыры бар еді. Бірі ақ, бірі қара - екі тышқан, ол екі тамырға жабысып алып, кеміруде. Жоғарыға қараса әлгі арыстан кезекші сияқты қүдықтың аузында күтіп отыр. Төменге қараса үрейлі бір айдаһар қүдық ішінде. Айдаһар басын көтерген, отыз аршын жоғарыдағы аяғына жақын қалған. Аузы қүдық аузындай кең. Қүдықтың қабырғасына қараса шағатын, зиянкес мақүлықтар жан-жағын қаумалап алған. Ағаштың басына қарады, көрді: бір інжір ағашы, бірақ ғажайып бір суретте еді: алуан түрлі ағаштардың жемістері - жаңғақтан анарға дейін басында жемістері бар. Міне, бүл адам қате түсінігінен, ақыл-сыздығынан үқпас: бүл жай ғана бір іс емес екенін, бүл істер кездейсоқ бола алмайтынын, бүл ғажайып істердің ішінде таңқаларлық сырлар бар екенін және өте үлкен бір істеуші бар екенін. Қазір оның қалбы, рухы және ақылы - бүл аянышты халден жасырын өкіне жылаған жағдайда, жаман нәпсісі ешнәрсе болмағандай - надандық көр-сетіп, рухы мен қалбының жылағаны-нан қүлағын жауып, өзін-өзі алдап, бір бақшада жүргендей - ол ағаштың жемістерін алып жей бастады. Алайда, ол жемістердің бір бөлігі улы және за-рарлы еді. Бір құдси хадисте Жанабы Хақ бүйырған: