Бірінші нүкте: Намаздың мағынасы - Жанабы Хақты тәсбих, тағзым және шүкіршілік ету. Яғни Жалалының ал-дында сөзі және әрекетімен «СубханаллаҺ» - деп тақдис ету... Әрі Камалының алдында ләфіз және амал қылумен «Аллаһу акбар» - деп тағзым ету... Әрі Жамалының алдында қалбы, тілі және денесімен «Әлхамдулилләһ» - деп шүкіршілік ету. Демек, Тәсбих, Тәкбир және Хамд - Намаздың үрықтары болып саналады. Сондықтан да, Намаздың әрекеттері мен зікірлерінде - бүл үш нәрсе барлық жерінде бар. Әрі сол үшін де Намаздан соң, Намаздың мағынасын күшейту және қуаттандыру үшін - осы мүбарак сөздер отыз үш мәрте қайтарылады. На-маздың мағынасы бүл түйіндер арқылы күшейтіледі...
Екінші нүкте: ғибадаттың мағынасы бүл: қүл Алланың қүзырында өз кемшілігін, әлсіздігін және парықлығын көріп, Рубубиетінің кәмілдігі мен Са-мадани Қүдіретінің және Илаһи Рахметінің алдында таң қалу және ма-хаббатпен сәжде қылу демек.