СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 61
(1-112)

Бамдат уақыты - күн шыққанға дейіН; көктемнің алғашқы уақытына, әрі адамның ана қүрсағына түскен сәттеріне, әрі аспан мен жердің алты күнде жаратылуының бірінші күніне үқсайды, еске түсіреді және олардағы Илаһи істерді еске салады.

Бесін уақыты болса - жаз мезгілінің ортасына, әрі жігіттік шақтың толық жетілуіне, әрі дүние өміріндегі адамның жаратылыс дәуіріне ұқсайды, оған ишарат етеді және олардағы рах-меттің көрінісі мен нығметтердің бере-келігін еске салады.

Намаздыгер уақыты болса - күз маусымына, әрі қариялылық уақытына, әрі ақырғы заман Пайғамбарының (С.Ғ.У.) Бақыт ғасырына үқсайды және олардағы Илаһи істерді, Рахманның нығметтерін еске салады.

Шам уақыты болса - күз маусымы-ның ақырында өте көп мақүлықтардың көзден ғайып болуын, әрі адамның өлімін, әрі дүниенің қияметі баста-луындағы бүзылуын еске сала отырып Жалалдың көріністерін түсіндіреді және адамды ғафлет үйқысынан оятады... Ескерту береді...

Дыбыс жоқ