СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 64
(1-112)

Алайда, жақсы көретіндері мен дос болған нәрселерінің одан айрылуы мен ажырап қалуы - әрдайым оны ренжітуде. Әрі ақылы оған үлкен мақсаттарды және мәңгі жемістерді көрсетуде. Алайда, оның қолы қысқа, өмірі қысқа, күш-қуаты қысқа және сабыры қысқа.

Міне, бүндай жағдайдағы бір рухтың фәжір уақытында бір Қадыры Зүлжалалдың, бір Рахымы Зүлжамал-дың қүзырына ниязбен, Намазбен арыз-данып, хал-жағдайын шағым ету, жәрдем және медет тілеу - қанша-лықты қажет және алдындағы күндіз әлемінде басына келетін, беліне жүктелетін істерге, міндеттерге төзімділік көрсету үшін қаншалықты қажет бір сүйеніш нүктесі болғаны - ашық түрде түсінікті болар.

Және зуһр уақытында - ол сондай уақыт: күндіз әлемінің толықтануы, күннің батуға бейімділігі және күндік жүмыстардың толық болу уақыттары, әрі олардың қиыншылығынан аз ғана бір демалу уақыты және пәни дүниенің өтпелі, ауыр тірліктерінің берген ғафлеті мен қиындығынан рухтың тыныс алуға мүқтаж болған заманы және Илаһи нығметтердің көрінген бір сәті.

Дыбыс жоқ