Иманда қаншама үлкен бақыт пен ныгмет және қаншама үлкен бір ләззат пен рахат бар екенін түсінгің келсе, бүл мысал болган шагын ғана хикаяға қара, тыңда...
Бір заманда екі адам әрі рахаттану, әрі сауда үшін саяхатқа шығады. Бірі - менменшіл, бақытсыз болғаны бір жаққа; өзгесі - худабин, бақытты бол-ғаны басқа жолға түседі. Менменшіл адам әрі өзімшіл, әрі худандиш, әрі бадбин болғандығынан бадбиндіктің жазасы болып, көзқарасында өте жаман бір мемлекетке кіреді. Қараса барлық жерде әлсіз бейшаралар зорлықшыл, қорқынышты адамдардың қолдарынан және қиратуларынан қорлық көріп, қайғыра жылап жүр. Бүкіл кезген жерлерінде осындай қайғылы, аянышты халді көреді. Бүкіл мемлекет - бір ортақ қайғыру, жылау орнының бейнесін алған. Өзі болса үрейлі және аянышты халді сезбеу үшін маскүнем-дікке салынудан басқа шара таба алмас; өйткені барлығы оған дүшпан және бөтен болып көрінеді. Және орталықта да қорқынышты жаназаларды, үмітсіз-дене жылаған жетімдерді көрер, ар-ұжданы азап ішінде қалар. Екіншісі ху-дабин, Алланы сүйген және шыншыл, көркем мінезді еді - көзқарасында өте тамаша бір мемлекетке кірді.