Бүкіл хайуандар мен адамдардың өлімдері болса - әскер-ліктен бостандыққа шығу. Өмір мін-детін өтеп болғандар бүл пәни жалған-нан рухани бір шаттықпен қуана басқа бір қайғы-қасіретсіз әлемге кетеді. Осылайша жаңадан келетін жауапкер, міндетті болғандарға орын босасын, келіп істесін. Бүкіл хайуандар мен адамдардың туулары болса - әскерлікке алыну, қару астына, міндет басына келулері демек. Бүкіл тіршілік иелері болса - қызмет басындағы көңілді сарбаз, әділ, қуанышты қызметкерлер үкімінде. Бүкіл дауыстар болса - я міндеттің басталуындағы зікір, тәсбих, әрі демалысқа шыққанына шүкіршілік және қуану, немесе орын-дауға деген ынтадан пайда болған дауыстар. Бүкіл мәужудат - ол мүміннің көзқарасында Саийді Кәрімнің және Маликі Рахымның сүйікті қызметкерлері, жауапкер доста-ры, шырын кітаптары болады. Тағы да осылар сияқты өте тамаша, үлы, ләззатты және тәтті хақиқаттар иманы-нан шығады, көрініс береді.
Демек, иманда бір рухани Жаннат Тубасының дәнегі бар. Купірлік болса, бір рухани Жаһаннам Заққүмының урыгын сақтауда.
Демек, саламат пен қауіпсіздік, бақыт тек қана - Исламда және иманда. Олай болса, біз әрдайым деуіміз керек