і-мбадат - қаншама үлкен бір сауда мен бақыт екенін, пасықтық пен азғын-дық болса - қаншама үлкен бір зиян және қүлдырау екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяга қара, тыңда...
Бір заманда екі сарбаз, ұзақ бір қалаға бару үшін бұйрық алады. Жолдары екіге айрылғанға дейін бірге жүреді. Айрылған жерде бір адам жолығады, әрі оларға айтадьі: «бұл оң жақтағы жолдың ешбір зияны болмауы-мен қатар, бұл жолдағы жолаушылар-дың оннан тоғызы үлкен пайда және рахатқа жолығады. Солдағы жол болса, пайдасыз болуымен қатар, он жолаушысының тоғызы зарар көреді. Ұзын-қысқалығы жағынан екеуі де бірдей. Тек қана бір айырмашылығы бар: тәртіпсіз, үкіметсіз болған сол жолдың жолаушысы дорбасыз, қарусыз кетеді. Сырттай бір жеңілдік, жалған бір рахат көреді. Әскери тәртіпке ба-ғынған оң жолдың жолаушысы болса, ең қажетті деген коректі заттарға тола төрт килограммдық бір дорба және әр дүшпанға қарсы қолданылатын, оларды жеңетін екі килограммдық бір мүкаммал үкімет қаруын алып жүруге мәжбүр...»