СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 12
(1-112)

Ол екі сарбаз - бүл мүғарриф адамның сөзін тыңдаған соң, бақытты болғаны оң жолға түседі. Бір батпан ауырлықты иығына және беліне жүктейді, бірақ қалбы мен рухы мыңдаған батпан ауыр миннеттерден және қорқыныштардан қүтылады. Екінші бақытсыз сарбаз болса - әскерлікті тастайды, тәртіпке бойсүнғысы келмейді, сол жаққа кетеді. Денесі бір батпан ауырлықтан қүтылады, бірақ қалбы мыңдаған батпан ауыр миннеттер астында және рухы өте көп қорқыныштар ішінде езіледі. Әрі әр кімге қайыршы, әрі әр нәрседен, әр бір уақиғадан дірілдер бір суретте кетеді. Осылайша мақсат ма-халласына жеткенде сотқар және қашқын жазасын тартады.

Әскерлік тәртіпті сүйген, дорбасы мен қаруын сақтаған және оң жолға кеткен сарбаз болса - ешкімнен миннет алмай, ешкімнен қауіптенбей, қалбының және ар-үжданының рахаты-мен кетеді. Осылайша талап етілген қалаға жетеді, ол жерде міндетін тамаша атқарған намысшыл сарбазға лайық сыйлыққа ие болады.

Міне, әй, қүлшылықсыз нәпсі! Біліп ал: ол екі жолаушының бірі - Алла заңына бойсұнушы... Екіншісі болса -сотқар және нәпсінің қалауына бағын-ған адамдар.

Дыбыс жоқ