Ол жол болса - өмір жольі: рухтар әлемінен келіп, қабірден өтеді, ақыретке кетеді. Ол дорба мен қару болса - ғибадат және тақуалылық. Ғибадаттың болса да - бір сырттай ауырлығы бар, бірақ мағы-насында сондай бір рахат пен жеңілдік бар - айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені пенде Намазында:
ейді. Яғни: «Одан басқа Халық пен Раззақ жоқ! Зиян мен пайда Оның қолында. Ол әрі Әкім - керексіз іс істемес. Әрі Рахым - жарылқауы, мейірімділігі көп» - деген сенімділік-пен барлық нәрседе рахмет қазынасының есігін табады. Дұғасымен қағады, әрі барлық нәрсені өз Раббысы-ның әміріне бағынушы деп біледі, Раб-бысына сиыну және тәуекелмен сүйену арқылы, әр бір қайғы-қасіреттен сақтанады. Иманы оған толық бір қауіпсіздік сезімін береді. Ия, барша хақиқи жақсы амалдар секілді, батырлықтың да шыққан негізгі түбірі - иман мен убудиет. Барлық күнәлар секілді, қорқақтықтың да шыққан негізгі түбірі - далалат!
Ия, Жер Шары бомба болып жарылып кетсе де, қалбы нүрлы болған пендені ықтимал, ешқандай қорқытпас. Керісінше ол, ләззатты бір таң қалумен теңдессіз бір Самадани Қүдіретті тама-шалайды.