СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 14
(1-112)

Бірақ, атақты бір - ақылы нүрлы деп танылған, қалбы имансыз бір пасық пәлсапа маманы болса, көкте бір қүйрықты жүлдызды көрсе, жерде түрып үрейленв: «ғажабы, бүл қаңғыбас жүлдыз жерімізге соғыспас па екен?» - деп, күмәнданып босқа қорқады. (Бір уақыттарда осындай бір жүлдыздан Америка дірілдеді. Көпшілік халқы түн уақытында үйлерін тастап шықты).

Ия, адам шексіз көп нәрселерге мүқтаж болған халінде, капиталы жоқ үкімінде... Әрі шексіз көп қайғы-қасіреттерге душар болған жағдайын-да, күш-қуаты жоқ үкіміндегі бір нәрсе... Қолы қай жерге дейін жетсе - капиталы мен күш-жігерінің шегі де сол жерге дейін-ақ, бірақ армандары, қалаған нәрселері және азап-қорлықтары мен бәлелерінің шегі болса - көзі мен қиылының жететін жеріне дейін және бара-бара кеңейе түседі.

Бұл дәрежедегі әлсіз, күшсіз және пақыр, мұқтаж болған адам рухы үшін ғибадат, тәуекел, тәухид және тәслим - қаншама үлкен бір пайда, бір бақыт, бір нығмет болғандығын бүтіндей көр болмаған көреді, түсінеді.

Дыбыс жоқ