Екі қызметкер дәріс алғаннан кейін жолға шығады. Бірі бақытты еді - бе-кетке жеткенше ақшасының бір бөлігін жұмсайды және ол шығын ішінде мыр-засына ұнайтын сондай тамаша бір сауданы табадьі: капиталы бірден мыңға дейін көтеріледі.
Екінші қызметкер бақытсыз, қаңғыбас болғандығынан бекетке дейін жиырма үш алтынын сарп етеді. Құмар-мұмар ойындарға беріп, капиталы босқа зая кетеді. Бір ғана алтыны қалады. Жолдасы оған айтадьі: «әй, сен - енді бұл алтыныңды бір билетке бер, сонда бұл ұзақ жолда жаяу және аш қалмағайсың. Әрі біздің мырзамыз - кәрім, бәлкім мейірімділік етер, істеген қатеңді кешірер. Сені де үшаққа мінгізер. Бір күнде мекенімізге жетеміз. Болмаса, екі айлық бір шөлде аш, жаяу және жалғыз кетуге мәжбүр боларсың». Ғажабы: егер ол адам қасарыстық жасап, ол бір ғана алты-нын бір қазынаның кілті үкімінде болған бір билетке бермей, уақытша бір ләззат үшін, азғындық жолында сарп етсе - өте ақылсыз, зиянды және бақытсыз болғанын, ең ақылсыз адам да түсінбей ме?
Міне, әй, Намазсыз адам! Және әй, Намазды үнатпаған нәпсім!