Алайда, Намазда рухтың, қалыптың және ақылдың үлкен бір рахаты бар, әрі денеге де онша ауыр бір тірлік емес. Әрі Намаз оқығанның мұбах болған басқа дүниелік амалдары - жақсы бір ниетпен ғибадат үкімін алады. Бүл суретте - бүкіл өмірінің капиталын Ақыретке байлық ете алады, пәни өмірін бір жағынан мәңгілік етеді.
Намаз оқу және үлкен күнәларды істемеу - қандай дәрежеде адамның хақиқи бір міндеті, қандай дәрежеде адам жаратылысының бір лайық, әрі табиги нәтижесі екенін көргің келсе, бул мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда...
Ұрыс уақытында, бір бөлімшеде бірі - тәжірибелі, міндетін сүйген, өзгесі -- тәжірибесіз, нәпсісін жақсы көрген екі сарбаз бірге еді. Біріншісі тәлім-тәрбиеге, үрысқа назар аударар, ризығы мен қажет нәрселерін еш ойла-мас еді.