Өйткені бағып-қағу және қажет нәрселерін беру, ауырса емдеу, тіпті мүқтаждығына қарап тамағын аузына апарып қою жұмыстары - үкіметтің міндеті екенін, ал өзінің негізгі міндеті болса - тәлім мен үрыс екенін ол түсінген еді. Бірақ кейбір ризықтары мен керек-жарақ жұмыстарын істейтін еді: қазан қайнатар, ыдыстарды жуар, алып келер еді. Одан. «не істеудесің?» - деп сұралса, жауабына: «үкіметтің тегін жұмысында істеудемін» - дейді. «Күн көру үшін істеудемін» -- деп айтпас еді. Екінші қомағай және тәжірибесіз сарбаз болса, тәлім-тәрбиеге және соғысқа назар аудармас еді, «ол үкіметтің ісі, маған қатысты емес» - дейтін еді. Әрдайым күн көріс ақшасын ойлайтын, оның алдында ай-налшықтап жүретін, бөлімшені тастап кететін және базарға барып алып-сатарлықпен шүғылданатын еді. Бір күні тәжірибелі жолдасы оған айтадьі: «туысқан, негізгі міндетің тәлім мен үрыс. Сен сол үшін бүл жерге келтірілгенсің. Патшаға арқа сүйе, ол сені аш қалдырмас. Бүл - оның міндеті. Әрі сен - әлсіз және пақырсың, кез-келген жерде өзіңді асырай алмассың. Әрі қазір күрес және үрыс уақыты. Әрі саған - сотқар деп, жаза береді. Ия, көз алдымызда екі міндет көрініп түр:
Бірі - Патшаның міндеті. Анда-санда біз оның жүмысында істейміз, ол болса бізді бағып-қағады.