СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 23
(1-112)

Бірақ Жанабы Раззақы Кәрімнің рахметінің асханасынан өзіне қажет нәрселерін Намазын оқып болған соң іздеуі, басқаларға қиыншылық бермеу үшін - өзі әрекет етуі тамаша, ерлік және бүл да бір ғибадат.

Әрі адам ғибадат үшін жаратылғанын табиғаты мен рухани сезім мүшелері көрсетуде. Өйткені бүл дүниелік өміріне қажет болған амал мен күш-қуат жағынан ең төменгі дәрежедегі бір торғайға жете алмайды... Бірақ, рухани және Ақыреттегі өміріне қажет болған ілім және пақырлығын біліп, жалбарыну және ғибадат жағынан - хайуанаттың сүлтаны және басшысы үкімінде болады.

Демек, әй, нәпсім! Егер дүниелік өмірді негізгі мақсат етсең және әрдайым ол үшін әрекет етсең - ең төменгі дәрежедегі торғай қүрлы қадірің қалмайды.

Егер Ақыреттегі өмірді негізгі мақсат етсең, бүл дүниедегі өмірді де оған себеп және егіндік деп білсең және оған қарап әрекет етсең - ол уақытта хайуанат-тың үлкен бір қолбасшысы және бүл дүниеде Жанабы Хақтың ерке, жалба-рынушы бір қүлы, қымбатты, сыйлы және қадірлі бір қонағы боларсың.

Дыбыс жоқ