СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 25
(1-112)

«Қолыңыздағы аманатымды маған сатыңыз, осылайша сіз үшін сақтаймын; босқа зая кетпесін. Әрі соғыс біткеннен кейін, сізге бұдан да тамаша бір сурет-те қайтарып беремін. Әрі ол аманат сіздің байлығыңыз сияқты: өте үлкен бір ақы беремін. Әрі бүл өндіріс машина мен фабрикадағы құралдар - менің атыммен және менің жүмыс ор-нымда істеттіріледі. Әрі ақысы, әрі та-быстары бірден мыңға дейін көтеріледі. Барлық ол пайданы сізге беремін. Әрі сіз - әжиз және пақырсыз, ол үлкен жүмыстарды істеуге қажет нәрселерді таба алмайсыз. Барлық шығындары мен қажет нәрселерін мен өз міндетіме аламын. Барлық пайда мен байлықты сізге беремін. Әрі әскерліктен босаған-ға шейін қолыңызда қалдырамын. Міне, бес мәртебе пайда үстіне пайда! Егер маған сатпасаңыз - негізінде көріп отырсыз: ешкім өз қолындағын сақтап қала алмай жатыр және де осылар сияқты қолыңыздан кетеді: әрі босқа кетеді, әрі бүл жоғарғы табыстан мақрүм қаласыз. Әрі ол нәзік, бағалы аспаптар, мызандар - қолданылатын жоғарғы дәрежелі жүмыс орындары мен істерді таба алмағанынан бүтіндей қүндылықтан түседі. Әрі сақтау мен басқару қиыншылығы, машақаты мойныңызға жүктеледі, әрі аманатқа қиянат жазасын көресіздер. Міне, бес дәреже зиян үстіне зиян!... Ал маған сату болса - маған сарбаз болып, менің атыммен қолдану демек. Ең төменгі дәрежедегі бір тұтқын болу мен бұзақылықтың орнына - ұлы бір Патшаның хас және ерікті, сүйікті сар-базы боларсыз».

Дыбыс жоқ