Сауал: қандай?
Жауабы: аманатты хақиқи иесіне сату... Бұндай сатуда бес дәреже пай-даның үстіне пайда бар.
Бірінші пайда. пәни болған байлық - мәңгілікке айналады. Өйткені Қаию-мы Бақи болған Заты Зұлжалалға берілген және Оның жолында жұмсалған бүл өткінші өмір - мәңгілікке айналады. Мәңгілік жемістер береді. Сол уақытта өмір ми-нуттары құдды үрықтар, дәнектер сияқты сыртқы көрінісінде пәни болады, шіриді; бірақ Бақи әлемде бақыт гүлдерін ашады және өседі. Және әр қайсысы Барзах әлемінде нұрлы, сүйкімді бейнеге айналады.
Екінші пайда. Жаннат сияқты бір ақы беріледі.
Үшінші пайда: әр бір ағза мен сезім мүшелеріңнің қүндылығы бірден мыңға дейін көтеріледі. Мәселен: ақыл - бір қүрал. Егер оны Жанабы Хаққа сатпас-тан, бәлкім нәпсі есебіне істеттірсең - сондай бір бақытсыз, зеріктеруші және қинаушы бір қүрал боладьі: өткен заманның аянышты қайғы-мүңдарын, келешек заманның қорқынышты қауіп -қатерлерін сенің бүл - бейшара басыңа жүктейді, бақытсыз және зиянды бір қүрал дәрежесіне түседі.