Міне, сондықтан пасық адам, ақылының қинауы мен мазалауынан қүтылу үшін көбінесе маскүнемдікке немесе ойын-сауыққа қашады. Егер Маликі Хақиқисіне сатылса және Оның есебіне істеттірсең - ақыл сондай бір тылсым-ды кілт боладьі: бүл әлемдегі шексіз көп рахмет байлықтарын және хикмет қазыналарын ашады. Әрі мүнымен бірге иесін мәңгілік бақытқа дайындайды, өзі бір Мүршиді Раббани мәртебесіне шығады.
Мәселен: көз - бір сезім мүшесі; рух - бүл әлемді ол көз терезесі арқылы тамашалайды.
Егер Жанабы Хаққа сатпастан, бәлкім нәпсі есебіне істеттірсең - өтпелі, жалғасы жоқ кейбір әдемі суреттерді, бейнелерді тамашалаумен шәхуат пен нәпсіқүмарлыққа бір қаууад дәрежесін-дегі қызметкер болады. Егер көзді, көздің иесі - Саниғи Басырына сатсаң, Оның есебіне және рүқсатымен істеттірсең - ол уақытта бүл көз, бүл Үлкен Әлем Кітабының бір оқырманы және бүл әлемдегі Раббани Мүғжизалы өнерлерінің бір көрермені және бүл Жер шарының бақшасындағы рахмет гүлдерінің мүбарак бір баларасының мәртебесіне шығады.