СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 30
(1-112)

Мәселен: тілдегі дәм сезу мүшесін Фатыры Әкімге сатпасаң, бәлкім нәпсі есебіне, асқазан үшін істеттірсең - ол уақытта асқазан фабрикасы үшін бір есік күзетшісінің дәрежесіне түседі, суқут етеді. Егер Раззақы Кәрімге сатсаң - ол уақытта тілдегі дәм сезу мүшесі - Илаһи Рахмет қазыналары-ның бір шеберлі назыры және Самадани Қүдірет асханаларының бір шәкір бақылаушысының мәртебесіне шығады.

Міне, әй, ақыл, мүқият бол! Бақытсыз бір қүрал қайда? Әлемнің кілті қайда? Әй, көз, жақсылап қара! Ең төменгі дәрежедегі бір қаууад қайда? Илаһи кітапхананың бір оқымысты ғалымы-ның назыры қайда? Және әй, тіл, жақсы тат! Бір фабрика есігінің күзетшісі және тиым салушысы қайда? Алланың рахметіне ғана тән Қазынасының назыры қайда?

Тағы да осылар сияқты басқа қүралдарды және дене мүшелерін са-лыстырып көрсең түсінерсіҢ: хақиқатында мүмін Жаннатқа лайық, сондай-ақ кәпір - Жаһаннамға жарасымды өзіне тән ерекше бір қасиетке ие болатынын.

Дыбыс жоқ