СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 33
(1-112)

Бесінші зиян: мәңгілік өмірдің негіздерін және ақырет бақытына қажет нәрселерді дайындау үшін берілген ақыл, қалып, көз және тіл сияқты Рахманның сыйлықтарын Жаһаннам есіктерін саған ашып беретін көріксіз бір суретке айналды-расың.

Енді сату мәселесіне келейік... Ғажабы: соншама бір ауыр нәрсе ме екен, көпшілігі сатудан қашуда. Жоқ!... Мүмкін емес және ешқашан! Ешбір ондай ауырлығы жоқ. Өйткені адал нәрселердің шекарасы кең, ләззат алуға жеткілікті. Харамға кірудің ешқандай қажеті жоқ. Алланың бүйырған парыздары болса - жеңіл әрі аз. Аллаға қүл және сарбаз болу - сондай ләззатты бір абырой, айтып жеткізу мүмкін емес. Міндет болса - жалғыз бір сарбаз сияқты Алланың атымен істеу, бастау... Және Алланың атымен беру, алу... Және рүқсаты мен заңының шегінде әрекет ету, сукунат табу... Қателік жасаса, истиғфар ету.

«Я, Раб! Қателерімізді кешір... Бізді өзіңе қүл деп қабыл ет. Аманатыңды алатын уақытқа дейін бізді аманатта әмин қыл. Әмин!...» - деуі және тагы да Оган жалбарынуы керек...

Дыбыс жоқ