Оң және сол жағынан ауыр екі жарамен қатты жарақаттанған сарбаз-дың арт жағында үрейлі үлкен бір арыстан оған шабуыл жасау үшін күтіп тұрғандай. Көз алдында бір дарағашы қүрылған, барлық жақсы көргендерін асып өлтіруде және оны да күтіп түр. Бүның үстіне, осы халімен бірге үзақ бір жолсапары бар, сүргін етілуде. Ол бейшара бұл қорқыныштың ішінде үмітсізденіп, уайымдаған сәтте оң жағында Қызыр сияқты жақсылық сый-лаушы, нүрлы, мейірімді бір адам пайда болады. Оған айтадьі:«күдер үзбе! Саған екі тылсым беремін, үйретемін. Егер жақсы қолдана білсең, ол арыстан саған бір қызметкер ат болады. Әрі ол дарағашы сенің ләззат алуың және рахаттануың үшін тамаша бір алтыбақанға айналады. Әрі саған екі дәрі беремін. Жақсы пайдалана білсең, ол екі иістенген жараларың - екі тамаша хош иісті Мүхаммад (С.Ғ.У.) гүлі деп аталған нәзік, әдемі гүлге ай-налады. Әрі саған бір билет беремін, онымен сен үшатын сияқты - бір жылдық жолды бір күнде жүріп өтесің. Міне, егер бүған сенбесең, біраз тәжірибе жасап көр, сол кезде сөздерім шындық болғанын түсінесің». Расында да ол біраз тәжірибе жасап көрді. Шындық болғанына көзі жетті.