Ал, ол екі жара болса: бірі - зеріктіруші және шексіз көп бір адамзат әлсіздігі - екіншісі - аяныш-ты, шексіз көп бір адамзат пақырлығы. Және ол сүргін мен жолсапар болса - рухтар әлемінен, ана қүрсағынан, балалық шақтан, қарттық өмірден, дүниеден, қабірден, Барзахтан, Хашир-ден, Сыраттан өтетін үзақ емтихан сапары. Және ол екі тылсым болса -Аллаға және Ақыретке иман. Ия, бүл киелі тылсым мен өлім - мүмін адамды дүние зынданынан Жаннат бақшасына, Рахманның құзырына алып барған бір қызметкер ат және бұрақ бейнесін алады. Сондықтан да өлімнің хақиқатын көрген кәміл адамдар өлімді жақсы көрген. Әлі өлім келместен бұрын өлуді қалаған.
Әрі зауал мен фирақ, әрі өлім мен ажал және дарағашы есебінде болған - уақыттың өтуі иман тылсымымен Саниғи Зүлжалалдың жап-жаңа, түрлі-түсті, алуан түрлі мүғжизалы нақышын, таңғажайып теңдессіз қүдіретін, рахметінің сәулесін өте қүмарта тамашалауға себеп болады. Ия, күн нүрындағы реңдерді көрсеткен айналардың ауысып, жаңалануы және кино суреттерінің ауысып түруы - хош, әдемі, тамаша бейнелерді қүрайды.