Ал, ол екі дәрі болса - бірі: сабыр мен тәуекел; Жаратушысының қүдіре-тіне сүйену, хикметіне сену. Солай ма? Ия, «Кун-фая-кун» әміріне ие болған бір Сүлтаны Жиһанға әлсіздік қүжатымен сүйенген бір адам неден қорқады? Өйткені ең үрейлі бір қасірет қарсысында:
деп Раобы Рахымына сенім артады. Ия, әулиелер дәрменсіздіктен, Алладан қорқудан ләззат алады. Ия, қорқуда ләззат бар. Егер бір жасар нәрестенің ақылы болса және одан сүралса:«ең ләззатты және ең тәтті халің қашан?» Бәлкім былай жауап береді: «әлсіздігімді, дәрменсіздігімді түсініп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, тағы да анамның мейірімді қүшағына сиынған кезім.» Алайда. барлық ана-лардың сүйіспеншіліктері топталса Рахмет көрінісінщ тек қана бір сәулесі болады. Сондықтан да кәміл адамдар - әлсіздікте және Алладан қорқуда сондай бір ләззат тапқан, - өз күштері мен қуаттарынан өте қатты бас тартып, Аллаға әлсіздіктерімен сиынған. Әлсіздікті және қорқуды - өздеріне шапағатшы қылған.
Екінші дәрі болса - шүкір мен қанағат ету арқылы талап ету, дүға қылу және Раззақы Рахымның рахметіне сенім арту.