Ия мен, яғни бүл - бейшара Саид та, бүны тасдиқ етемін. Өйткені біраз тәжірибе еттім. Өте тура шындық болғанын білдім. Бұдан кейін бірден көрді: сол жағынан шайтан сияқты айлакер, маскүнем, жәдігөй бір адам көп әшекейлі нәрселермен, әдемі суреттер-мен, фантазиялық нәрселермен, харам ішімдіктермен бірге келді. Қарсысына түрып, оған былай деді:«әй, достым! Кел, кел, бірге отырып ішейік, көңіл көтерейік. Бұл әдемі қыз суреттеріне қарайық. Бұл жақсы музыкаларды тыңдайық. Бұл тәтті тағамдарды жейік».
Сауал: е-е.... Не нәрсе ол, аузыңда жасырын оқып жатқаның?
Жауап: бір тылсым.
- Таста сол түсініксіз тірлікті... Дайын кайфымызды бұзбайық. С. е, анау қолдарыңдағы не? Ж. бір дәрі.
- Лақтыр оны. Денің сау, не істейсің оны? Қазір ойын-сауық уақыты.
С. бұл бес нышанды қандай қағаз?
Ж. бір билет Бір іссапар құжаты.