- Жырт бұларды. Бұл сұлу көктем мезгілінде сапарға шығу, бізге неге керек? - дейді. Әр түрлі алдамшы әрекеттермен оны сендіруге тырысады. Тіпті, ол бейшара оған біраз көнеді. Ия, адам алданады. Мен де осындай бір айлакерден алдандым.
Бірден оң жағынан көк күркіріндей, бір дауыс естіледі және оған былай дейді: «абайла, алданба! Және ол айла-керге айт:
Егер артымдагы арыстанды өлтіріп, алдымдағы дарағашты алып тастап, оң және солымдагы жараларды емдеп, ал-дымдағы сапарды жоқ қылатын бір шара сенде бар болса, таба алсаң, * - қанеки істе, көрсет, көрейік. Содан соң кел.«кайф қылайық» - деп айт. Болма-са, үніңді шығарма, әй есуас! Бұл Қызыр сияқты самави адам айтқанын айтсын...»
Міне, әй, жігіттік шағында күлген, енді ол күлгені үшін жылаған нәпсім! Біліп ал: ол бейшара сарбаз - сенсің және адамзат. Ал арыстан болса - ажал; дарағашы болса - өлім және зауал, фирақ: түн мен күндіздің айна-луында әр бір дос қоштасып кетер, ғайып болар.