Және ол екі міндет болса - біріншісі: өмір беріп, бағып-қағу; екіншісі: өмір бергенге және асырағанға ғибадат ету, жалбарыну. Оған тәуекел етіп, сенімді болу.
Ия, ең жарқын Самадани бір өнер мұғжизасы және Раббани бір хикмет кереметі болған өмірді кім берген, жаратқан болса - ризықпен ол өмірді жалғастырған да - Ол. Одан басқа бол-майды! Дәлел қалайсың ба? Ең әлсіз, ең ақымақ хайуан - ең жақсы бағылады. (Жеміс құрттары мен балықтар сияқты). Ең әжиз, ең нәзік мақұлық - ең жақсы ризықты жейді. (Бөбектер мен хайуан балалары сияқты).
Ияддал ризықтың келуіне себеп - күш-қуат және ықтиярмен болмағанын, бәлкім әлсіздік пен дәрменсіздік арқылы болғанын түсіну үшін - балықтар мен түлкілерді, бөбектер мен жыртқыш аңдарды, ағаштар мен хайуандарды салыстырып көру жеткі-лікті.Демек, күн көріс дерті үшін Нама-зын тастаған адам - тәлімді және өзін қорғаушы орнын тастаған, базарда қайыршылық еткен сол сарбазға үқсайды.