Екіншісі - біздің міндетіміз. Патша біздің жүмысымызға жәрдем береді: бүл тәлім-тәрбие мен үрыстан қүралған».
Ғажабы: ол қаңғыбас сарбаз - бүл үрыскер, тәлім көрген сарбаздың айтқанын тындамаса, қаншалықты үлкен қауіптің ішінде қалатынын түсінерсің?!
Міне, әй, жалқау нәпсім! Ол толқындай тулаған ұрыс майданы - бүл азапты дүние өмірі. Ол бөлімшелерге бөлінген сарбаздар тобы болса - адамзат жамағаты. Және ол бөлімше болса - бүл ғасырдағы Ислам жамағаты. Ол екі сарбаз болса: бірі - дін парыздарын білген және орында-ған, кабаирды тастаған және күнәларды істемеу үшін нәпсі мен шай-танға қарсы күрескен тақуалы Мүсылман. Екіншісі - Раззақы Хақиқиды кіналау дәрежесінде күн көріс дертіне батып, парыздарды таста-ған және тіршілік жолында кездескен күнәларды істеген, азғындыққа түскен пасық. Және ол тәлім мен тәрбиелер болса - ғибадат . ең бірінші Намаз. Және ол соғыс болса - нәпсі мен оның қалауына, жын мен адам шайтан-дарына қарсы күресіп, күнәлардан және жаман мінезден, қалбы мен рухын мәңгілік қүлдыраудан қүтқару демек.