СӨЗДЕР КŻШŻ | СӨЗДЕР КŻШŻ | 18
(1-112)

Ол әкім - Раббымыз, Халықымыз. Ол екі қызметкер жолаушы болса, бірі: діндар, Намазын сүйсіне оқиды, өзгесі. ғафил, Намазсыз адамдар. Ал, жиырма төрт алтын болса - жиырма төрт сағат: ол - күнделікті өмір. Хас жайлау болса - ол Жаннат. Бекет болса - ол қабір. Саяхат болса - ол қабірге, хаширге, мәңгілікке кететін адамзат сапары. Амалға қарап, тақуа қуатына қарап, бүл үзақ жолды әр түрлі дәрежеде жүріп өтеді. Тақуалы адамдардың бір бөлігі найзағай секілді - мың жылдық жолды бір күнде кесіп өтеді. Бір бөлігі де - елу мың жылдық бір ара қашықтықты қиял сияқты, бір күнде кесіп өтеді. Бүл хақиқатқа Қүраны Азимушшан екі . Аятымен ишарат етеді. Билет болса - ол Намаз. Бес уақыт Намаз үшін, дәретімен бірге, бір-ақ сағат жеткілікті.

Ғажабы. жиырма үш сағатын бүл қысқаша дүниелік өміріне жүмсаған және бір-ақ сағатын ол үзақ, мәңгілік өміріне жүмсамаған адам - қаншама зиян келтіреді, қаншама нәпсісіне зүлымдық жасайды, қаншама ақылға теріс әрекет етеді! Өйткені мың адам қатысқан бір лотерея қүмар ойынына - егер ақылы қажет деп тауып, жарты ақшасын тіксе - алайда, үту ықтималы мыңнан біреу ғана. Содан кейін жиырма төрттен бір бөлік ақшасын жүзден тоқсан тоғыз ұту ықтималы хақ болған бір мәңгілік қазынаға бермеу - қаншалықты ақылға және хикметке теріс әрекет еткенін, қаншама ақылдан қашық болғанын - өзін ақылдымын деп ойлаған адам түсінбей ме?

Дыбыс жоқ