- сенің болжамың көрсеткен бейнеде бола алмас». Содан кейін бұл бақытсыздың ақылы кіріп, өкіне: «ия, мен маскүнемдіктен дуана халіне келген едім. Алла сенен разы болсын, Жаһаннамдық бір халден қүтқардың»
- деп айтады.
Әй, нәпсім! Біліп ал: әуелгі адам -кәпір, немесе пасық ғафил. Бүл дүние оның көзқарасында бір ортақ қайғыратын, жылайтын орын. Бүкіл тіршілік иелері - зауал мен фирақ тепкісінен жылаған жетімдер. Хайуан мен адам болса - ажал тырнағынан парша-парша болған қорғаушысыз бүзақылар. Таулар мен теңіздер сияқты үлкен мәужудаттар - рухсыз, үрейлі жаназалар үкімінде. Кәпірлігі мен да-лалатынан тағы да осылар секілді өте аянышты, қинаушы және қорқынышты түсініктер пайда болады, оны рухани азаптайды.
Екінші адам болса - мүмін, Жанабы Халықты таниды және тасдиқ етеді.
Оның көзқарасында бүл дүние - Рах-манның бір зікірханасы, адам мен хайуанаттың бір тәлім-тәрбие алатын орны, әрі адам мен жындардың бір ем-тихан алаңы.