дүшпанның оң қанаттағы күші - оның оң жақтағы күшіне жеткен және оған жаңа бір күш болған халде, ол қолында үстайтын маңызды бір қуатын оң қанатына жібереді, орталықтағы қуатын әлсіре-теді. Әрі сол қанатында дүшпанның әскері жоғына қарамастан және келме-стен бүрын үлкен бір күшті жібереді, «атыңдар!» - әмірін береді. Орталығын бүтіндей әлсіретеді. Дүшпан да жағ-дайды түсінеді, орталыққа шабуыл жасап быт-шытын шығарады. Ия, сен осыған үқсайсың. Өйткені өткен күндеріңнің қиыншылығы - бүгін рах-метке айналған. Қасіреті кеткен, ләззаты қалған. Қиындығы рахметке қосылып, машақаты сауапқа айналған. Олай болса, одан жалығу емес, бәлкім жаңа бір қүлшыныс, жаңа бір қүштарлық және хақиқи бір күш-жігермен жалғастыру қажет. Болашақ күндер болса, әлі келмеген, оларды қазірден ойлап жалығу, әрі үмітсіздік көрсету - дәл келешек күндерде аштық пен сусыздықты бүгін ойлап, бақырып-шақыру сияқты бір дуаналық іс. Ия, хақиқат осындай, ақылды болсаң - ғибадат жағынан тек қана бүгініңді ойла, әрі «оның бір сағатын - табысы өте үлкен, қиындығы өте аз, хош және әдемі, үлы бір қызметке жүмсаудамын» - де. Сол кезде сенің ащы бір үмітсіздігің - тәтті бір күш-қайратқа айналады.
Міне, әй, сабырсыз нәпсім! Сен - үш сабыр сақтауға міндеттісің.