Ғажабы: уәдесінде түрмауы мүмкін емес болған бір Алла, Жаннатты және мәңгі бақыт секілді бір сыйлықты саған уәде етсе - өте аз уақыттың ішінде, өте тамаша бір міндетте сені істеттірсе, бірақ сен қызмет етпесең немесе қызығушылығың болмаса, жалқаулансаң немесе жалығу-мен, шала-шарпы қызметіңмен Оны уәдесінде түрмайды деп кінәласаң және сыйлығын менсінбесең - өте қатты бір қорлыққа, қорқынышты бір азапқа лайық болатыныңды ойланбай-сың ба? Бұл дүниедегі түрме азабынан қорқып, ең ауыр жүмыстарда беріліп қызмет істеген жағдайда - Жаһаннам секілді бір мәңгілік түрменің қорқынышы саған ең жеңіл, ұнамды бір қызмет үшін қайрат бермей ме?
Бесінші ескертпе.- әй, дүние қызығына қүмар нәпсім! Ғажабы: ғиба-даттағы жалығуың және Намаздағы кемшіліктерің - дүние тірлігімен шүғылданудың көптігінен бе? Немесе күн көріс дертімен айналысудан уақыт таппағаныңнан ба? Ғажабы, тек қана дүние үшін жаратылдың ба - бүкіл уақытыңды оған жүмсаудасың? Сен қабілеттілік жағынан бүкіл хайуанат-тардан жоғары болғаныңды және дүниелік өмірдің қажетті нәрселерін табу жолында күш-қуат жағынан - бір торғайға жете алмайтыныңды білесің. Демек, негізгі міндетің - хайуан сияқты үмтылу емес, бәлкім хақиқи бір адам сияқты, хақиқи мәңгі бір өмір үшін әрекеттену екенін қалайша түсінбейсің? Бүнымен қатар, дүние тірліктері деген іс-әрекеттердің көбісі саған тиісті болмаған, әрі сен бекер-ден-бекер араласқаның және аралас-тырғаның мағынасыз, пайдасыз тірліктер.